Найзағай, тұман, үсік. 19 қыркүйек күніне ауа-райы болжамы айтылды

656
Adyrna.kz Telegram
фото: ашық дереккөз
фото: ашық дереккөз

19 қыркүйекте ел аумағында қауіпті метеорологиялық құбылыстар болатыны айтылды, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы "Қазгидромет" орталығы мәлімдеді. 

Синоптиктердің айтуынша, Қазақстанның белгілі бір аймақтарында үсік, найзағай және тұман күтіледі.

Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында фронтальды бөлімдердің әсерінен найзағаймен жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді деп күтіледі. Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында, Абай облысында, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының шығысында, Жетісу облысының таулы аудандарында 1-6 градус үсік жүреді.

Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде  жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Пікірлер