Алматыдағы барахолка базарының маңында өрт шықты

1361
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/09/izobrazhenie_2024-09-18_143838470.png
Алматыда барахолка базарларының біріндегі өрт сөндірілді, деп хабарлайды қалалық "Адырна" ұлттық порталы Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) баспасөз қызметіне сілтеп.  «18 қыркүйекте сағат 14.28-де Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары Жетісу аудандық базарының аумағында болған жоғары деңгейдегі өртті жойды», - делінген сәрсенбіде тараған хабарламада. Атап өтілгендей, техникалардың жедел жетуіне адамдар көп жиналатын жердегі тұрақтағы жеке көліктер кедергі жасайды. Белгілі болғандай, екі қабатты асхана отқа оранғаны айтылды. «Қойма үй-жайларынан тауарлық-материалдық құндылықтар эвакуацияланды, өрттің таралу қаупі жойылды», - деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.
Комментарии