Сексеннің сеңгірі. Тәуелсіздік теңгесінде қолтаңбасы қалған қайраткер

1016
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Бүгін Тәуелсіздік теңгесінде қолтаңбасы қалған мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор Ғалым Байназаров 80-ге толды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ғалым Байназарұлы 1944 жылы 17 қыркүйекте Торғай облысы Жангельдин ауданында дүниеге келген. 1969 жылы АХШИ-ды экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымының докторы, профессор, КСРО Мемлекеттік банкінің үздігі.

1969-1976 жылдары - Мемлекеттік банкі Торғай бөлімшесінің несие инспекторы, басқарушысы, 1976-1985 жылдары - Мемлекеттік банкі Арқалық қалалық басқармасының бастығы, 1985-1987 жылдары - КСРО Мемлекеттік банкінің Қазақ республикалық кеңсесінің басқарма бастығының орынбасары, бастығы, 1987-1992 жылдары - Қазагроөнеркәсіп банкі төрағасының 1-орынбасары, 1992-1993 жылдары - ҚР Ұлттық банкінің Басқарма төрағасы болған. 

1994-1995 жылдары - ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі, 1995-1996 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің экономикалық саясат бөлімінің кеңесшісі, 1996-98 жылдары - «Қазпочтабанк» ЖАҚ шетелдік инвестициялар департаментінің директоры, 1997-98 жылдары - «АТРЕМ» қаржы-инвестициялық компаниясының бас директоры, 1998-2002 жылдары - Қазақстан сақтандырушылары одағының төрағасы. 1999-2002 жылдары - «Халықтық жинақтаушы зейнетақы қоры» ЖАҚ президенті қызметін атқарған.

2000-2002 жылдары - ҚР Көлік құралдарының жүргізушілері одағының Орталық кеңесі төрағасының кеңесшісі, 2002-2004 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, 2005-2007 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасы хатшылығының меңгерушісі болды.

Сондай-ақ, «Парасат» орденімен, (2005); «Мемлекеттік банк үздігі» белгісімен, грамоталармен марапатталған.

Пікірлер