Енді қазақстандықтар өз атына несие алуға тыйым сала алады

532
Adyrna.kz Telegram
фото: turkystan.kz
фото: turkystan.kz

Енді қазақстандықтар шектеусіз мерзімге eGov порталы арқылы өз атына несие алуға тыйым сала алады. Бұл туралы бүгін, 16 қыркүйекте «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қызметті пайдалану үшін азаматтың өзі ғана өтініш бере алады. Несиелер мен шағын несиелер беруге тыйым салу белгісіз мерзімге белгіленген. Сондай-ақ пайдаланушы кез келген уақытта несие және қарыз алу бойынша белгіленген шектеулерді алып тастай алады. Ол үшін сіз eGov.kz порталында қызметті мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш жіберіңіз»,—делінген хабарламада.

Қызметті алу үшін:

eGov.kz порталына кіріп, "Кеден және салықтар" бөліміне өтіңіз;

тізімнен "Экономика және қаржы" бөлімін, кейін "Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тарту" қызметін таңдаңыз;

қажет жолдарды толтырып, электронды қолтаңбаны пайдаланып өтінішке қол қойыңыз. Оның нәтижелерін жеке кабинеттен көре аласыз.

Пікірлер