Қазақстанда жаңа комитет пайда болды

1611
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/09/img_7758.jpeg
Қазақстанда Ішкі істер министрлігі жанынан жаңа комитет құрылды. Тиісті қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жанынан Есірткі қылмысына қарсы күрес комитеті құрылсын», - делінген құжатта. Өзгерістерге сәйкес, енді Ішкі істер министрлігіне мыналар кіреді:
  • Қазақстан Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы;
  • Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті;
  • Әкімшілік полиция комитеті;
  • Көші-қон қызметі комитеті;
  • Есірткі қылмысына қарсы күрес комитеті.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап, яғни 2024 жылғы 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Комментарии