Қазақстандық дзюдошы Хорватияда өткен Гран-приде ел қоржынын тағы бір алтынмен толтырды

3726
Adyrna.kz Telegram
фото: ҰОК
фото: ҰОК

Дзюдошы Жанарыс Рахметқали Хорватияда өткен Гран-при турнирінде Қазақстанға дзюдодан екінші алтынды сыйлады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеп.

«Дзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесі Жанарыс Рахметқали Загребтегі (Хорватия) Гран-приді жеңіп алды», - делінген хабарламада.

Дзюдошы 66 келіге дейінгі салмақта финалға шығып, 1/2 раундта Энцо Джинаны (Франция) жеңді.

Ақтық сында Рахметқали британдық Майкл Фрайерді ұтты. Негізгі уақытта дзюдошылар бірден жеңе алмады. Қосымшада (голден скор) Жанарыс нәтижелі әрекет жасап, «иппон» ұпайымен жеңіске жетті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ғалия Тынбаева (48 келіге дейін) екінші болса, Шерзод Давлатов (60 келіге дейін) алтын алған болатын.

Пікірлер