ЖОЛДАҒЫ АУЫЛ

211

“Туған жер” шығармашылық байқауына қатысушылардың туындыларын парақшамызға жариялауды бастадық. Келесі келіп түскен туынды «Үздік поэзия» аталымы бойынша Мұхтар КҮМІСБЕК.

Автор: Мұхтар КҮМІСБЕК

 Байланыс телефоны: 8-775-301-01-29

 

 

 

Жалғыздың жасауындай жолдағы ауыл,
Жетімнің көз жасындай салмағы ауыр.
Картаға енбей қалған жөргек-мекен,
Жанымнан тәтті сынды сонда да бұл.

Мен оған қалай ғана соқпай кетем,
Сорыма бітті қала.
Жаттай бөтен.
Басында отырсам да бақытымның,
Бәрібір жаның байыз таппайды екен.

Жомарттық келтірер ме жанға зәбір,
Пайдасыз дүниедей паңданады ұл.
Қарт отыр қарауылдап қараша үйді,
"Құдайым қайыр бер" деп қарғама бұл.

Мен көшкем!
Ол да көшпек бұл арадан,
Дертім бе дүниеден сұрап алған.
Ошақ тұр оқшау күнге қыздырынып,
Обалын өзі тартар мына жалған.

Қайтейін...
желіктіріп аз ғана арман,
Қалаға ауды ғұмыр көз қалаған.
Бесігін тербеп жұрттың бесін ауа,
Бозарып артта қалды бозқараған.

Бозарып артта қалды бозқараған...

 

Пікірлер