Алматыдағы әскери институттан сержанттың өлі денесі табылды

2324
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Алматының Түрксіб ауданында, құрлық әскерлерінің әскери институтының аумағында 44 жастағы сержанттың өлі денесі табылды. Бұл ақпаратты Ішкі істер министрлігі растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ақпаратқа сәйкес, ер адам турникке асылып, өз-өзіне қол жұмсаған. Тергеу-жедел тобы мәйітті зерттеп, материал жинап, процессуалдық шешім қабылдаумен айналысуда.

«Бұл факті бойынша Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы ҚР қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі бойынша алдын ала тергеу жұмыстарын бастады. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды», — делінген департаменттің түсіндірмесінде.

Пікірлер