“Жаңа жылға алты ай бұрын дайындалмасақ, үлгермей қаламыз”

788
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

"Адырна" ұлттық порталында “Сарандықтар Жаңа жылдық шыршаға 29 464 285 теңге қаржы бөлді” деген тақырыппен сыни мақала жарық көрген еді. Сол материалға қатысты Қарағанды облысының Ішкі саясат басқармасы жауап берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Аталған мақалада Қарағанды облысына қарасты Саран қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі алты ай бұрын биіктігі 12 метрлік жаңа жылдық шыршаны орнатуға 29 464 285 теңге қаржы бөлгенін, сонымен қатар, тендер жеңімпазы осы қаржыға Сұңқар стадионының алаңына Жаңа жыл тақырыбына арналған фотоаймақты дайындап, түрлі жарықтарды, бойы 5 метр болатын Аяз ата мен Ақшаһар қоюы керектігін тарқатып жазғанбыз!

Сарандықтардың шіліңгір шілдеде жаңа жылды мерекелеуге арнап тендер өткізуі не үшін қажет болып отырғанын сұрап тиісті мекемеге хат та жолданған еді.

Соған жазылған жауап енді жетті.

Ресми хатта көрсетілген мәліметке сүйенсек, сарандықтар өткен жылдың тәжірибесіне сүйеніпті-міс. Былтырғы мемлекеттік сатып алудың келісімшарттары бірнеше рет бұзылды екен деп, биылғы жаңа жылдық шыршаға алты ай бұрын тендер өткізіп тастау қаншалықты ақылға сыяды?

Кішкене ғана қаланың әкімдігі жаңа жыл жақындағанда шырша үшін 30 миллион теңгеге жуық қаржы бөлсе, көзге түсіп, сынның астында қалары анық. Сарандықтар сол көзге түсуден қорқып, алты ай бұрын шыршаның қамын жасауға кіріссе керек. Бірақ, олар ол айладан да түк шықпағанын түсінер ме екен?

Асыл Абай

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер