Маңғыстауда уланған оқушылар саны 140-тан асты

601
Adyrna.kz Telegram
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz
Маңғыстау облысында 1-4-сынып аралығындағы 141 оқушы астан уланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиға Маңғыстау облысы Бесшоқы ауылында болған.

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 141 бала медициналық көмекке жүгінген.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, қазір ауруханада 82 бала емделіп жатыр. Үйде 43 бала, стационарда 16 бала жатыр.

Балалардың жаппай астан улануына қатысты қылмыстық істің қозғалғанын хабарлаған едік.

Пікірлер