Екі алтын, үш күміс, төрт қола! Қазақстан Париж Олимпиадасын рекордпен аяқтады

878
Adyrna.kz Telegram

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан паралимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы 39 орында тұр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бүгін - төрт жылдық доданың соңғы жарыс күні. Париж төрінде паралимпиададағы спортшылар алғаш рет 9 жүлде - 2 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды. Нақтырақ айтсақ, пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев, пара дзюдодан Ақмарал Науатбек алтын алды. Ал күмісті пара нысана көздеуден Еркін Ғаббасов, пара жүзуден Нұрдәулет Жұмағали, пара дзюдодан Ерғали Шамей алған. Пара жеңіл атлетикадан Дастан Мұқашбеков, пара дзюдодан Даяна Федосова, Зарина Раифова, Жұрқамырза Шүкірбеков қоланы иеленді.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасының соңына дейін спортшыларымыз паралимпиада бойынша тоғыз жүлдеге қол жеткізді. Париж Олимпиадасы паралимпиадада бақ сынаған спортышыларымыз үшін жемісті болды.

Пікірлер