Ерғали Шамей паралимпиада алтынына таласады

747
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҚР Паралимпиада комитеті
Фото: ҚР Паралимпиада комитеті

Парижде өтіп жатқан паралимпиадада пара дзюдошы Ерғали Шамей 73 келіге дейінгі салмақта неміс қарсыласын жеңіп, финалға шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ол J1 санатында Ерғали Шамей 73 келі салмақтағы пара дзюдошылар арасында алтынға таласады.

Айта кетейік, пара дзюдошы Ақмарал Науатбек кеше қыздар арасында паралимпиаданың чемпионы атанды.

Пікірлер