Қазақстанның Швеция және Нидерландыдағы елшілері тағайындалды

658
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Швеция және Нидерланд Корольдігіндегі елшілерді ауыстырды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Президент Жарлығымен Сергей Нұртайұлы Нұртаев Қазақстанның Швеция Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен бостатылды. Бұл лауазымға Олжас Мұхамедғалымұлы Сүлейменов тағайындалды. 

Сондай-ақ Тоқаев Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахмановты Қазақстанның Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындады.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды”, – деп жазды Ақорда.

Пікірлер