Мейрамханалар қызметі үшін пайыздық алым алуға тыйым салынуы мүмкін

794
Adyrna.kz Telegram
Фото: FTiare/Getty Images
Фото: FTiare/Getty Images

Кафелер мен мейрамханаларда қызмет көрсеткені үшін пайыздық алым алуға тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Біз егер сізге қызмет көрсетіліп жатса, ешқандай қосымша ақы алынбауы керек деп есептейміз. Әрине барлық кәсіп иесі мұндай өзгерісті қолдауға дайын деп айта алмаймыз. Бірақ осындай өзгерістер болуы мүмкін. Ол шайпұл, депозиттерге қатысты», — деді ол.

Айта кетсек, көптеген дәмхана мен мейрамханада қызмет көрсеткені үшін 10% ақы алады.

 

Пікірлер