Карантин енгізілмейді. Ұйғыр ауданында төрт адамнан сібір жарасы анықталды

986
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысының Ұйғыр ауданында төрт адамнан сібір жарасы анықталғанымен карантин енгізілмейтіні айтылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеп. 

«Ұйғыр облысында сібір жарасына күдікті жағдайларды анықтауға байланысты шектеуші ветеринарлық-санитарлық шаралар енгізілді. Карантин жарияланған жоқ», - делінген сәрсенбі күні таратқан хабарламада.

Сібір жарасы адамнан адамға жұқпайды, сондықтан адамдарға төніп тұрған қауіп жоқ. Бірақ мал тасымалы мен мал өнімдерін экспорттауға шектеулер қойылады.

Естеріңізге сала кетейік, Ұйғыр ауданында мал сойған төрт адамның сібір жарасына шалдыққаны туралы ақпарат тараған еді.

Пікірлер