Бұрынғы министр мен экс-әкімге қатысы бар компания басшысының үстінен тергеу басталды

993
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҚазТАГ
Фото: ҚазТАГ

Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев пен Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбекке қатысы бар компания директорының үстінен тергеу басталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ редакциясына сілтеп.

"Bolashak Consulting Group" ЖШС-нің бас директоры Сағидолла Баймұратқа қатысты тергеу туралы 2024 жылы 26 тамыздағы сот құжатында жарияланды.

"Жоғарғы есеп соты Әділет министрлігіне аудит және серіктестікке қарсы тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы әлі құпия санатында. Ал материалдар қылмыстық іс аясында тәркіленді. Бұған дейін "Болашақ" консалтингтік тобы Қазақстанның мүддесін шетелде қорғаған. Оның ішінде молдовалық кәсіпкерлер Габриэль мен Анатол Статиге қатысты іс те бар. Кезінде "Ақжол" партиясының жетекшісі Азат Перуашев компанияның жылына 60 миллион долларға дейін ақша алатынын айтқан еді. Қазақстандық БАҚ бұл компанияны бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев пен Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбекпен байланыстырады", – делінген хабарламада.

Пікірлер