Армения ҰҚШҰ органдарындағы жұмысын уақытша тоқтатты

1237
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/ec916bd1-bb60-479d-a679-62634052ab22-960x500.jpeg?token=50fcf593e66733dd1586df0da4a6fdcd
Армения Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына кіретін органдардағы жұмысын уақытша тоқтатты. Бұл туралы Армения премьер-министрі Никол Пашинян мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. «Арменияның ҰҚШҰ-дағы жұмысын толық тоқтатқанын білесіздер, қазіргі уақытта бұл шешімді жеткілікті деп санаймыз. Қазір басқа шешім қабылдайтын негіз көріп тұрған жоқпыз, алайда бұл келесіде басқа шешім қабылдамаймыз дегенді білдірмейді», — деді ол. Премьер-министрі Арменияның ҰҚШҰ-дан нақты қашан шығатынын айтқан жоқ.
Комментарии