Сарбаздардың денсаулығына ең алдымен армия басшылығы жауапты - Тоқаев

1099
Adyrna.kz Telegram

Әскер қатарында заң мен тәртіптің сақталуы – айрықша маңызды міндет. Сарбаздың қауіпсіздігі үшін армия басшылығы тікелей жауапты. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Әскер қатарында заң мен тәртіптің сақталуы – айрықша маңызды міндет. Жастар әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге барады. Жас сарбаздарымыз өз міндетін алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында, ең алдымен, темірдей тәртіп болуға тиіс. Қарулы күштер мен басқа да күштік құрылымдар осы талапты мүлтіксіз орындауы қажет.

Әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады. Сондықтан сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты», - деді Тоқаев.

Пікірлер