20 алтын, 18 күміс. Ел спортшылары әлем чемпионатында топ жарды

1454
Adyrna.kz Telegram
Фото: Instagram/drs_kz
Фото: Instagram/drs_kz

Қазақстандық спортшылар әлем чемпионатында кикбоксингтен 20 алтын еншіледі, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Тартысты бәсеке 23 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Будапештте өтіп жатыр. Кикбоксингтен әлем чемпионаты ел спортшылар үшін жүлдеге толы болды.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, жастар мен жасөспірімдер арасында кикбоксингтен әлем чемпионатында отандық спортшылар үш түр бойынша бақ сынады: фул контакт, лоу-кик, К1.

Нәтижесінде ел қоржынына 20 алтын, 18 күміс және 19 қола медаль түсті.

Әлем чемпионатына 53 елден 812 спортшы қатысқан.

Пікірлер