Жасөспірімдер арасында сайысқан қазақстандық әлем чемпионы атанды

1533
Adyrna.kz Telegram
Фото: Дзюдо федерациясы
Фото: Дзюдо федерациясы

Қазақстандық спортшы Перуде өтіп жатқан сайыста әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы 1bol.kz-ке сілтеп.

Санжар Ерұланұлы дзюдодан жасөспірімдер арасында өткен чемпионатта жеңіске жетті. Әлем чемпионы 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда украиналық қарсыласы Лебид Дмитроны уақытынан бұрын иппонмен жеңді.

Алғашқы кезеңде Моңғолия спортшысы Мунгун Учрал Ууганбаярды, одан кейін ширек финалда Грузиялық Гиорги Гелашвилиді жеңді.

Жасөспірімдер арасында сынға түсіп жүрген Санжар Ерұланұлы әлемдік деңгейде алғаш рет жүлдеге қол жеткізді. Бұған дейін ол 2024 жылғы маусымда Қазақстан чемпионатын және Азия кубогын ұтқан, сондай-ақ Еуропа кубогінде күміс жүлдегер атанып үлгерген.

Пікірлер