Жалпы адамзат топастанып бара ма, жоқ Қазақ қана ма?

3174
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/08/img_5013.jpeg
Жан мен Тәнге келетін адамдардың орта жасы 50 -60 жас. Жартысынан астамының жоғары білімі бар. Мен денсаулық жайлы сабақтарымды барынша қазақтың жалпақ тілімен, 9-10 жастағы баланың деңгейіне түсіп беруге тырысамын. 1 сағаттан соң берілген материалды сұрасаң біреуі бір сұрағыңа мандымды жауап бере алмайды. Қайта түсіндіріп, қайта сұрасаң тағы да сол мөлиіп отырады. "Биыл 2 кітап оқыған адамдар қол көтеріңіздерші" деп сұрағанда 100 адамның ішінен бірде-біреуі қол көтермейді. Әр ағым келген сайын осы. Инстаграмды мен ТОПАСТАНГРАМ деп атап едім, сол өз қызметін жақсы атқарып жатыр екен! Оған енді "Тик Ток- Ми Жок" деген пәле қосылып тіпті жақсы болды. Бұлай кете берсе енді 5-10 жылда МӘҢГҮРТ елге айналамыз ау.
Комментарии