Қазақстандық таеквондошы Камила Досмалова жұбаныш кезеңінде сынға түседі, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін отандасымыз ширек финалдық кездесуде сербиялық спортшы Мария Мицевпен кездесіп, 0:5 есебімен жеңілді.
Енді ол қола медальға таласу мүмкіндігі үшін жұбаныш кезеңінде бағын сынайды. Кездесу Астана уақыты бойынша 20:53-те өтеді.