Әуежайда бүлік шығарған жолаушыға қатысты сот шешімі шықты

844
Adyrna.kz Telegram
Фото: gladysliu.com
Фото: gladysliu.com

Әуежайында рейсіне кешігіп, дау шығарған жолаушыға қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

FlyArystan әуе компаниясының жолаушылары бірнеше күн бұрын әуежайда бүлік шығарған еді. Астана соты жағдайға қатысты шешім шығарды.

"Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодек бойынша 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 5 тәуліктен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жауапкершілік қарастырылған", — делінген сот қағазында.

Жолаушы 20 АЕК (73 840 теңге) көлемінде айыппұл арқалады.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Пікірлер