"Ақтық демім қалғанша қорғаймын". Қалдыбек Құрманәлі қызының жағдайына қатысты пікір білдірді

6278
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/08/img_4729-960x500.jpeg?token=f0fd6d5979651f142bb238dfacbe3acb
БАҚ беттерінде спортшы Жанқош Тұраров «қыз зорлады» деген ақпарат тарап кеткен. Арызданушы Әнару Құрманәлі басынан өткен жайтты журналистерге баяндап, өз шындығын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. "Зорландым" деген қыз баланың әкесі танымал композитор Қалдыбек Құрманәлі де қызына барынша қолдау көрсететінін айтты. Журналист Жұлдыз Төлеу сазгер Қалдыбек Құрманәліге хабарласып, жағдайға қатысты пікір алған.
«Бұл Қалдыбек мына өмірде не көрмеді дейсің? Қызымды ақтық демім қалғанша қорғаймын, күресемін. Қызыма күнде хабарласып, қолдау көрсетіп отырмын», - деп жауап бергенін айтады.
Журналистің сөзінше, Әнару Қалдыбекқызы осы жағдайдан соң өзіне бірнеше рет қол жұмсамақ болған көрінеді.
Комментарии