АҚШ-та Трампты өлтіретінін айтқан азамат ұсталды

718
Adyrna.kz Telegram

Аризона штатында қарт тұрғын ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы РБК-ға сілтеп.

Ер адам Республикалық партиядан президенттікке үміткерді өлтіремін деп қорқытқан. Ол Трампқа қол жұмсайтыны жайлы әлеуметтік желіде бірнеше рет жазған.

Сивруд «соңғы екі апта ішінде» аты аталмаған әлеуметтік желілерде «кандидатқа дене жарақатын салу туралы сөздер жазылған» екі хабарлама жариялаған. Хабарламалардың бірі 21 тамызда, Трамп штатқа келерден бір күн бұрын жарияланған.

23 тамыз күні 66 жастағы Рональд Сивруд қамауға алынды.

Айта кетейік, 14 шілде күні АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа оқ атылды. Саясаткер сөз сөйлеген мінбенің артына тығылып, артынша экс-президентті оққағарлары алып кетті.

Пікірлер