ҚТЖ Қытайдан Қазақстанға автомобиль тасымалдауды жүзеге асыруда, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ұлттық компания автомобильдерді соңғы нүктеге, яғни, Алматы қаласына дейін жеткізіліп, логистикалық тізбек аяқталады.
"Биылғы 23 тамызда Алтынкөл станциясында Қытайдан жеткізілген автомобильдердің ірі партиясы сәтті қабылданды. Осы тасымалдау шеңберінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы автоторларға орналастырылған 280 автомобиль жеткізіледі", – деп жазды ҚТЖ баспасөзі.