Алматы облысында экскаватормен бірге жүргізуші өзенге құлап кеткен. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
ТЖМ мәліметінше, 18 тамыз күні Райымбек ауданында қатты жауын-шашынның салдарынан жүргізуші көлікті
басқара алмай, экскаватор жолдан өзенге аударылып кеткен.
Құтқарушылар ер адамға саты беріп, жоғары көтерілуге көмектесті. 1972 жылы туған зардап шегушіге медициналық көмек қажет болмады.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз