"Ғасыр адамы" атанған Темірғали Көкетай өмірден өтті

1536
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/08/temirғali-kөketaj.jpeg
Белгілі ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы Темірғали Көкетай өмірден өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Ұлт жанашыры, қоғам қайраткері, ХХ ғасыр ғұламасы атанған Темірғали Әбілдаұлы 87 жасында өмірден өтті. Темірғали Көкетай – әлемге әйгілі ғалым. Ол 1999 жылы Ұлыбританияның Кембридж университетінің жанындағы Халықаралық географиялық орталықтың шешімімен «Ғасыр адамы» атағын алған қазақ. Дүние жүзінде ғасыр ғұламасының табаны тиме­ген жер жоқ. Физика саласы бойынша түрлі жаңалық ашып, ілімнен жалықпаған ғалымның еңбегі болашаққа аманат болып қалды. Ол әлем дамып жатқан заманда Қазақстанның ҰБТ-мен шектелтелгеніне наразы болып, талай рет пікір білдірген. Тұла бойы ұлттық рухқа толы Темірғали Көкетаев Қарағанды қаласындағы "Соқыр" қорымына жерленеді.
Комментарии