Белгілі боксшы Данияр Елеусінов шаршы алаңға оралады

937
Adyrna.kz Telegram
Фото: sports.kz
Фото: sports.kz

Белгілі қазақстандық  боксшы Данияр Елеусінов шаршы алаңға оралды. Бұл туралы «All Stars Boxing» компаниясының баспасөз қызметі  жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы

«All Stars boxing» кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық боксшы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Азия ойындарының екі дүркін чемпионы және Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов өнер көрсетеді»,- деді компания.

Турнир 28 қыркүйекте «Алматы аренада» өтеді.

Айта кетейік, кәсіби рингтегі соңғы жекпе-жегін Елеусінов 2021 жылдың желтоқсанында Астанада аргентиналық Хуан Герман Лилге қарсы өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңіп, жартылай орта салмақта IBO титулын жеңіп алды.

Пікірлер