Үздік бестік. Қазақстан Олимпиадашыларына ең көп сыйақы беретін елдердің қатарында

957
Adyrna.kz Telegram
Фото: 2024 Getty Images
Фото: 2024 Getty Images

Қазақстан Олимпиададан жүлде алған спортшыларына ең көп сыйақы беретін бес елдің қатарында екені айтылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

CNBC Ұлттық Олимпиада комитеттерінен, Спорт қауымдастықтарынан жинаған ақпаратқа негізделген кейбір сомаларды жариялады.

Гонконг спортшылар үшін ең жомарт мемлекет атанып, бірінші орында тұр. Онда спортшыларға бірінші орын үшін 768 мың доллар уәде етілген. Гонконг спортшылары биыл Олимпиадада екі алтын және екі қола медаль жеңіп алды.

Сингапур да өз олимпиадашыларын жомарт түрде марапаттайды. Онда алтын үшін 745 мың доллар төленеді. Алайда бұл ойындарда сингапурлық спортшылардың ешқайсысы жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілген жоқ. Жалғыз қола медаль өз иесіне 186 мың доллар әкеледі.

Бұған дейін Токио Олимпиадасында алтын медаль үшін 746 000 доллар төлеген Индонезия елі өз бонустарын 300 000 долларға дейін азайтты. Десе де бұл көрсеткіш оны әлі де ең көп сыйақы төлейтін елдердің қатарында қалдырды.

Қазақстанды Олимпиада жеңімпаздарына төлейтін сыйақы көлемі бойынша ТМД елдері арасында көш бастап тұр, ал әлем бойынша жоғарыда аталған елдерден басқа Израильден кейін екінші орында тұр. Тұрақты және қомақты төлемдердің арқасында Қазақстан Олимпиада жүлдегерлеріне ең көп сыйақы беретін алғашқы 5 елдің қатарына қосылды.

Пікірлер