Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Жапония премьер-министрі келеді

1822
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/08/21c62eb0-7e36-4e5e-b3e7-c5fa1299089c.jpeg
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 тамыз күндері Жапония премьер-министрі Фумио Кишида Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. “9 тамызда Астана қаласында «Орталық Азия+Жапония» диалогының бірінші саммиті өтеді”, – делінген Ақорда хабарламасында. 10 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фумио Кишида екіжақты келіссөздер жүргізеді деп жоспарланып отыр.
Комментарии