Жылыойдағы жаппай түйе өлімі. Селитралы егістік алқап себепкер

2748
Adyrna.kz Telegram

Жақында Жылыойдан азаматтар хабарласып өңірде түйе өлімінің көбейгенін алдыға тартқан болатын. Өлімнің басты себебі белгісіз деп хабарлады мен хабар алған ветдәрігерлер де.

Алайда өткен аптада Маңғыстау өңірінде болып қайтқанмын. Сол жақтағы бір азаматтардың айтуына қарағанда ТҮЙЕ өлімінің басты себебі бұл егістік алқапқа селитраның пайдаланып және содан шыққан шөптерді түйе малының жеуінен түйе іші кеуіп лезде өлімге душар болады деп топшылады.

Айтса айтқандай Жылыой ауданы, Ақкиізтоғай өңірінде де былтыр я болмаса биыл егістік болған алқаптарға жайылып немесе маңынан шөп жұлған түйелер сіресіп қатуда (өлуде).

Яғни мал дәрігерлерінің де таба алмауының себебі де осында болса керек деп пайымдаймын. Менің сөзім жәй ғана ақиқатқа сай келетін болжам ғана. Себебі мен ветдәрігер емеспін. Егістік алқап маңында жайылымда болған түйелердің өлім құшуына орай ойлаған пайымым ғана.

 

Естеріңізде болса, Шілде айының ішінде Ақкиізтоғай ауылынан 11 бас түйе өлсе, ал Құлсары қаласының "Жадырасын" ықшам ауданында 6 бас мал өлген. Жалпы саны 17-ге жеткен түйенің неден өліп жатқаны әлі толық анықталған жоқ.

Алибек НАУАРОВ

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер