Қостанай облысында жер сілкінісі болды

1531
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/photo-output-7-960x500.jpeg?token=883724c508feb03594b051409d918d06

Бүгін, 27 шілдеде Қостанай облысында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жер сілкінісінің ошағы Рудный қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 21 шақырым жерде орналасқан.

«Астана уақыты бойынша 09 сағат 54 минутта  Рудный қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 21 км жерде сейсмикалық оқиға болды. Магнитудасы - 3,9»,—делінген ҰЯО ГЗИ Деректер орталығының хабарламасында.

Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Комментарии