Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкері пара алғаны үшін сотталды

1304
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/7fbdc810d7cd0bd3c46a3f61d576498475a3bf77-960x500.jpg?token=db95af414526e0ac6ab7f98b17c6c0df

ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы сотталды. Бұл туралы бүгін Антикордың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«17 маусымда Павлодар қаласының № 2 сотының үкімімен Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті облыстық департаментінің бөлім басшысы Қ.Темірханов 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жыл сайынғы тексерулер жүргізу кезінде жалпы қамқорлығы үшін кәсіпорын басшысынан 1,3 млн теңге сомасында пара алды деп айыпталды»,—делінген хабарламада.

Комментарии