Елімізде зейнетақы қорынан тіс емдеуге алынатын бір реттік төлем жойылуы мүмкін

1461
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/img_6101.jpeg
Қазақстанда Бірыңғай зейнетақы қорынан тіс емдеуге арналған біржолғы төлем алу мүмкіндігі жойылуы мүмкін, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. «Қағидалардың 1-қосымшасының 2-тармағының қолданысы 2024 жылғы 10 тамыздан бастап 2025 жылғы 1 ақпанға дейін тоқтатылсын», - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» бұйрығында. Жоғарыда аталған 2-тармаққа: «Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан медициналық ұйымдарда стоматологиялық қызмет көрсету (тісті протездеу, имплантациялау)» делінген. «Біржолғы зейнетақы төлемдерін алушыға қор қаржысын өз баласын емдеу үшін пайдалануға рұқсат етіледі», - делінген түзетулер жобасында.
Комментарии