Танымал коуч кітапты кедей адамдардың оқитынын айтты

1029
Adyrna.kz Telegram

Блогер, коуч Ақбота Әнуарбек кітапты тек кедей адамдар тобы оқитынын айтып, видео жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ұлысмедиаға сілтеп.

Ол желідегі бейнесінде:

“Кітапты кедей адамдар оқиды. 7-8 мыңға бизнес кітап аласың. Бір айдың ішінде оқып боласың. Дәл сол ақпаратты сен консультация алып, маманнан, эксперттен 2 сағаттың ішінде біліп аласың. Тісің ауырып тұрғанда кітап оқып отырмайсың ғой. Дәрігерге барасың. Ақшадан жаның қиналған кезде, бизнесің жүрмей бара жатқан кезде нәтижесі бар адамнан сұрашы, ақшасын төлеші, 100 мың бола ма, 300 мың бола ма, сонда бірден нәтиже аласың”, – деді ол.

Алайда желі оқырмандары коучтың бұл сөзімен келіспейтінін айтуда.

"Жастарды кітап оқуға әуестенсін десек, айтып отырғаныңыз не?", "Кітап оқитын байлар туралы не айтасыз?", "Миллионға алған білімің де кітапта бар ғой" деп оқырмандар пікір білдірді."

Пікірлер