Денсаулық сақтау министрі ауыл дәрігерлеріне арнап көбірек ақша бөлуге шақырды

1387
Adyrna.kz Telegram

Денсаулық сақтау министрі ауыл дәрігерлерін ұстап қалудың жолын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ақмарал Әлназарова өңір әкімдерін аймақтағы ақ халаттыларды ұстап қалу мақсатында көбірек ақша бөлуге шақырды.

«Өңір әкімдіктерінен жас мамандардың жетуіне мониторинг жүргізіп, жұмыс жағдайларына қаншалықты қанағаттанатындарына талдау жүргізуді сұраймыз. Сондай-ақ, ауылда кадрларды ұстап қалу үшін жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік қолдау шараларын күшейтуді сұраймыз» - деді ведомство басшысы.

Министр мәліметінше, ауылдарға қосымша 1100 маман керек.

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасының аясында денсаулық сақтау нысандарына қосымша 1100 медицина қызметкері қажет екені айқындалған. 2023 - 2024 жылдары 152 нысанда 656 медицина қызметкері (375 дәрігер, 281 орта медицина қызметкері) жұмысқа орналастырылды», - деді министр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер