Құны қалмаған "Құрметті азамат" деген атақты беруді тоқтату керек

3125
Adyrna.kz Telegram

Өйткені бұл атақтың құны түсіп кетті. "Жер сатушы" атанған әкім де, парақорлығының исі мүңкіп тұрғаны үшін қызметінен түсірілген судья да, тіпті өңір басшысына "оңды" бата берген дарынсыз журналист те, облыс әкіміне кандидаттық диссертация жазып берген ғалым да "Құрметті азамат" атанғанын жұрт күлкі етіп айтып жүр.

"Бір қызымнан бір қызым сорақы" дегендей, жуырда бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталып, түрмеде бірнеше жыл отырып шыққан шенеунікке де бір ауданның "Құрметті азаматы" атағы беріліпті деп естідім...

Сондықтан осы, құны қалмаған атақты беруді тоқтатып, оның орнына бәленбай ауданның және бәленбай облыстың "Құрметті меценаты" немесе "Атымтай жомарты" деген жаңа атақ енгізсек қалай болады?

Мұндай атақты туған ауылдарына миллиондаған теңгенің әлеуметтік-мәдени ғимараттарын салып берген кәсіпкер азаматтарға және басқа да байларға берсек...

Бәлкім, сонда жергілікті басшыларға әркімді салып, атақ сұраушылық мүлдем тыйылар. Ал жаңа атақтың жөні бөлек қой. Даңғой ағайындарға атақ керек болса, атамекендеріне қол ұшын берсін.

Кәрібай Мұсырман

Мәжіліс депутаты

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер