Қазақстандықтар тамыз айында қанша күн демалады?

1784
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/kүntizbe-kalendar.jpg
Қазақстан халқын тамыз айында бір мемлекеттік мереке күтіп тұр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 30 тамыз – Конституция күні мемлекеттік мерекесі. Тамыз айында ел халқы осы күнді атап өтеді. Мереке күнтізбеде жұмаға түскендіктен аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек демала алады. Ал, алты күндік жұмыс аптасындағылар 30 тамыз демалып, 31-і жұмыс істеп, 1 қыркүйек қайта демалады. Одан бөлек жаздың соңғы айында қазақстандықтарды 4 жексенбі күтіп тұр. Тамыз айында елімізде 4 кәсіби мереке мен өзге атаулы күндер тойланады. 4 тамыз (тамыздың бірінші жексенбісі) – Көлік қызметкерлері күні; 10 тамыз – Абай күні; 11 тамыз (тамыздың екінші жексенбісі) – Құрылысшылар күні; 18 тамыз – Шекарашылар күні; 25 тамыз (тамыздың соңғы жексенбісі) – Шахтерлер күні; 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні.
Комментарии