Билікке қарсы шығу - кедейліктен емес!

3319
Adyrna.kz Telegram

Қазақ әлемжеліде тек кедейлер ғана,  өмірден жолы болмағандар ғана- билікке қарсы шығады дегенді жиі естимін.
Жоқ!
Олай емес!
Зевске қарсы шыққан Прометей Құдай Болатын!
Сенатқа қарсы шыққан Гай Семпроний тіпті де жақыбай емес-тін.
Оливер Кромвель парламент генерал-лейтенанты еді.
Жорж Жак Дантон атағы шыққан,табысты адвокаттықтан бас тартып, революция көсеміне айналды.
Ф.Энгельс тігін фабрикасы қожайынының ұлы бола тұра-төңкеріс жолының қазығын қақты!
Ленин ешқашан,  иә ешқашан кедейлік зардабын шеккен емес!
Ұлы Парвус миллионер еді,  солай өтті өмірден 1924 жылы.
Әлихан Бөкейханов-қаракөктің тұқымы еді,  білімі бай болуына жететін!
Махатма Гандидің әкесі бас министр еді!
Өкіметке қарсы шығып отырған Жәкішевтардың,  сол жолда басын берген Алтынбек,  Заманбектердің қайыршы емес екендері анық!
БҰЛ БИЛІККЕ КЕДЕЙ БОЛҒАНДЫҚТАН ЕМЕС, ШЫҒАР ЖОЛДЫ ЖОҒАРЫДАҒЫЛАР ТАБА АЛМАҒАНДЫҚТАН НАРАЗЫ САНАЛЫ ҰЛ МЕН ҚЫЗ!
БҰНЫ БИЛІК ӘЛІ ТҮСІНГЕН ЖОҚ...

Серік Елікбай

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер