140 балл жинаған екі талапкер де бір университетті таңдаған

2335
Adyrna.kz Telegram

Биыл 181 мың талапкер қатысқан бірыңғай ұлттық тестілеуде 140 балл жинап, соңғы үш жылда болмаған рекордты орнатқан Жаннұр Еңсебек пен Айым Ержанова өз құжаттарын SDU университетіне тапсырды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Алматы облысы, Талғар ауданы, Қарабұлақ ауылының №22 жалпы білім беретін орта мектебінің түлегі Жаннұр Еңсебек өз таңдауын оқу жылының басында жасап қойған екен. Бұл туралы ол “Адырна” тілшісіне берген сұхбатында айтқан болатын. Сондықтан да грант конкурсына өтініш қабылдау кезеңінің алғашқы күнінде-ақ «Алтын белгі» иегері таңдау парағында тек SDU-ды белгілеп, құжаттарын тапсырып кетті.

Дәл осындай үздік нәтижеге қол жеткізген Ақмола облысы Қосшы қаласындағы Р.Қошқарбаев атындағы №1 мектептің түлегі Айым Ержанова да SDU университетін таңдады. 140 жинаған Айым туралы “Адырна” материалында тарқатқан едік.

Еске сала кетейік, 2018 жылы 140 балл жинаған Шиара Құдайбергенова да SDU-дың түлегі атанған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер