ШҚО-да қоршаған ортаны қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

1805
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/img_5857.jpeg
Шығыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаны қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Мамай Бұтабаев ұсталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары аясында Шығыс Қазақстан облысы бойынша табиғатты қорғау департаменті басшысының м.а. ұсталды. Тергеу жалғасуда», - деп растады сәрсенбіде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет. Интернетте тараған ақпаратқа сәйкес, Бұтабаевқа жалпы сомасы 180 миллион теңгелік параның 10 миллион теңгесін жымқырды деген айып тағылып отыр.
Комментарии