Адам шығыны көп. Израиль Газа секторына соққы беруін жалғастыруда

956
Adyrna.kz Telegram

Израиль 281 күннен бері Газа секторына әуеден, теңізден және құрлықтан тоқтаусыз шабуылдауда, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Израиль армиясының Газа секторындағы әртүрлі аймақтарына жасаған соңғы шабуылдары салдарынан көптеген палестиналық қаза тауып, жарақат алды.

Палестиналық WAFA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Израиль әуе күштері Дейр әл-Балах қаласындағы Эр-Рай отбасына тиесілі үйге соққы жасаған.

Азаматтық қорғаныс бөлімшелері үйінді астынан 5 адамның, оның ішінде 3 кішкентай баланың денесін алып шықты. Марқұмдар әл-Ақса шәһидтері ауруханасының мәйітханасына жеткізілді.

Газа қаласының оңтүстігіндегі Әл-Зейтун төңірегі де израильдік артиллериядан талқандалды. Сондай-ақ, Әл-Шухеда қиылысы маңында қатты жарылыстар естілді.

Сонымен қатар, Израиль Тель-эль-Хева аймағындағы бейбіт тұрғындарға квадрокоптер типті ұшқышсыз ұшатын аппараттарды (ҰҰА) пайдаланып оқ жаудырды. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Израиль күштері сондай-ақ Газа қаласының өнеркәсіптік аймағына, Таяран қиылысына және Тель аль-Хева аймағына артиллериядан оқ жаудырды. Қаза тапқандар мен жараланғандар бар екендігі айтылды.

Сонымен бірге, Палестинаның орталық эксклавында, Нусайрат босқындар лагеріндегі Әл-Исрин көшесіндегі Хамдан отбасына тиесілі үйге израильдіктер шабуыл жасап, 10 адам жараланды. Жараланғандар әл-Ақса шәһидтері ауруханасына жеткізілді. Израиль әуе күштері де лагерьдің солтүстік аудандарына шабуыл жасады.

Куәгерлердің айтуынша, Хан Юнустың шығысы және Рафах қаласының әртүрлі аудандары да қарқынды әуе шабуылдары мен атқылауға ұшыраған.

Өткен жылдың 7 қазанында Хамастың қарулы қанаты Изз ад-Дин әл-Кассам бригадалары Израильге қарсы «Әл-Су тасқыны» операциясын бастағанын жариялағаннан бері Газада 38 300-ден астам палестиналық қаза тапты, олардың көпшілігі әйелдер мен балалар.

Пікірлер