Бекетаев пен Қожағапановқа қатысты тергеу аяқталды — Антикор

1582
Adyrna.kz Telegram

Әділет экс-министрі Марат Бекетаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды. Бұл туралы бүгін, 12 шілдеде Антикордың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол жеке компанияның басшылығымен бірге бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды, алаяқтық жасады және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысты деп күдіктенеді.

Сондай-ақ агенттік бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов пен  мердігер ұйымның басшылығына қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды және бюджет қаражатын жымқырды деген күдік бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқталғанын мәлімдеді.

«Аталған істердің әрқайсысы бойынша залал 1 млрд теңгеден асады»,—делінген хабарламада.

Еске салайық, Марат Бекетаев 2023 жылдың 21 қазанында мемлекетке үлкен зиян келтірді деген күдікпен ұсталған еді. Ол 2016-2022 жылдары Әділет министрі болды. Қаңтар оқиғасынан кейін бұл лауазымнан кеткен шенеунік көп ұзамай Премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды.

Ал бұрынғы вице-министр Ерлан Қожағапановтың уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғаны 1 наурызда белгілі болды. Ол ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер