Облыстық прокуратураның 800 мың теңге тұратын былғары сырт киім тігуге тапсырыс бергені анықталды

1696
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы қымбат сырт киім тігуге тапсырыс берген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мемлекеттік сатып алулар сайтында былғарының құны 800 мың теңге деп көрсетілген.

Сайттағы қосымша сипаттамада былғары пальтоның мемлекеттік әділет кеңесшісіне арнап тігілетіні де көрсетілген. Одан бөлек, киім қара түсті, түкті астары бар, таза былғарыдан жасалуға тиіс екені де айшықталған. Ал құнды сырт киімнің жағасы нағыз қаракөл жүнінен жасалуы тиіс екен.

“2024 жылғы 13 маусымда "Камода" ЖШС-нің бір баға ұсынуына байланысты мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылды. Сол күні мемлекеттік сатып алу порталы автоматты түрде "Камода" ЖШС жеткізушісіне электронды шақыру жасады. 2024 жылғы 18 маусымдағы мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша, "Камода" ЖШС шақырылған жеткізушімен "Электронды сатып алу арқылы бір көзден алу" тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу туралы шешім қабылданды”, – деп жауап берді облыстық прокуратура.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер