«Саламатты Қазақстан» Бөрлі ауданында

789
Adyrna.kz Telegram

«Саламатты Қазақстан» әлеуметтік жобасы ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен, «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірлесіп табысты іске асыруда және еліміздің барлық өңірлерін қамтиды.

Бүгін, ағымдағы жылдың 9 шілдесі күні «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 58 мыңнан астам тұрғыны бар Бөрлі ауданының «Қазақстан» станциясына келді.

Пойыз жұмысының ашылуы барысында аудан Бөрлі ауданы әкімі әкімінің орынбасары, аудан әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрағасы Алтай Тоқжанов, медициналық пойыздың бас дәрігері Айнұр Егінбаева және «Саламатты Қазақстан» пойызының заңгер-медиаторы Айшат Ғаббасова құттықтау сөз сөйледі.

Өз сөзінде аудан әкімінің орынбасары А. Тоқжанов аудан әкімінің атынан келген пойыздың бригадасына алғысын білдіріп, оның ұлт денсаулығын нығайтудағы маңыздылығын атап өтті. «Ұлт денсаулығын нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау – мемлекеттік саясаттың маңызды басым бағыты және Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың тұрақты назарында, оның дәлелі - облысымыздың шалғай елді мекендеріне медициналық пойыздың келуі болып табылады. Дені сау ұлт - мықты және бәсекеге қабілетті мемлекеттің кепілі. Осы маңызды жобаның бастамашыларына – ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясына биылғы жылы Бөрлі ауданын «Саламатты Қазақстан» пойызының бағытына қосқаны үшін алғыс білдіреміз. Аудан тұрғындарына зор денсаулық, амандық пен ұзақ ғұмыр және сапалы медициналық және заң көмегін алуларына тілектестік білдіремін", - деп атап өтті А.Тоқжанов.

Бас дәрігер Айнұр Егінбаева поезд жұмысының регламентімен, тегін дәрігерлік, құқықтық, медиативтік көмек көрсету спектрлерімен және мамандардың сапалы құрамымен таныстырды.

Дәрігерлердің жоғары біліктілігі мен кәсібилігі, мейірімділік, жанашырлық, медиаторлардың құзыреттілігі – осындай сөздермен көмек пен кеңес алған бөрліліктер келген бригаданың жұмысын сипаттады.

Іс-шараға БҚО қоғамдық даму басқармасының басшысы, БҚО әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі Гүлжанар Шөкеева және облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Татьяна Рогозина қатысты.

Пойыз мамандары 2 күн ішінде 9.00-ден 18.00-ге дейін медициналық және заңгерлік қызметтер көрсететін болады.

Пікірлер