Қостанай облысында Ресей азаматы жоғалып кетті

1568
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/ff629149-b4ff-48f5-a65b-78b5e378af72.jpeg
Ресей азаматы бірнеше күн бұрын Қостанай облысында жоғалып кетті. Бұл туралы еріктілер Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Ақпаратқа сәйкес, 53 жастағы Алексей Трушин 4 шілдеде келген, содан бері одан хабар-ошар жоқ. Соңғы рет оны Чернышевский көшесіндегі «Азия» дүкенінен көрген. Ер адамның бойы – 160-165 см, шашы қысқа. Жоғалған күні үстінде қасқыр суреті бар сұр түсті футболка, қара түсті трикотаж, қара шифер болған.
Комментарии