Түркістанда балабақша ғимараты өртенді

1674
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/img_6146-960x500.jpeg?token=19a41533c1bcac5ae26c22db76f0a4e6
Түркістанда балабақша өртке оранды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы ТЖМ мәлімдеді. Қызыл жалын Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы бір қабатты жеке балабақша ғимаратында болған. Ғимараттың шатыры өртенген. Ведомство мәліметінше, оқыс оқиғаның себебі анықталып жатыр. " Зардап шеккендер жоқ", - делінген ТЖМ мәліметінде.
Комментарии