Танымал продюсер қайтыс болды

1990
Adyrna.kz Telegram
Фото: Oxu.az
Фото: Oxu.az

«Аватар» және «Титаник» фильмдерімен танымал американдық продюсер Джон Ландау қайтыс болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы The Hollywood Reporter басылымына сілтеме жасап.

5 шілде күні Джон Ландау 63 жасына қараған шағында көз жұмды. Ресми деректерде продюсер өлімінің себебі белгісіз екені айтылған. Бірақ кейбір американдық ақпарат көздері оның қатерлі ісіктен қайтыс болғанын хабарлауда.

Джон Ландау өзінің мансабын 1980 жылдары кино саласындағы менеджерліктен бастады.

1997 жылы Джон Ландау Джеймс Кэмеронмен бірлесе жұмыс істей бастады. Солай ол 1997 жылы жарияланған “Титаник” фильмінің продюсері болды.

Фильм кино тарихында әлемдік прокатта бір миллиард доллардан астам табыс тапқан бірінші фильм болды. Сондай-ақ, суға батқан кеме туралы сюжет 11 рет Оскар сыйлығын алды. Екі рет «Ең үздік фильм» номинациясын иеленді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер