Шымкентте 4 жастағы бала терезеден құлап кетті

1958
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/6e186bd7-1294-45d9-828b-5ce807781c48-960x500.jpeg?token=4c3df8c55f79956f303b187d90f1d30c
Шымкентте 4 жастағы бала биіктен құлап кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Балабақша жасындағы балақай көпқабатты үйдің 3-қабатындағы терезесінен құлаған. Бүлдіршін дереу ауруханаға жатқызылды. Оқиға 6 шілде күні Шымкент қаласындағы Қ.Төлеметов көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Бүгінде баланың жағдайы орташа. Қалалық ТЖД ата-аналар мен ересектерге балаларды қараусыз қалдырмауды және сақтық шараларын қатаң сақтауды сұрайды.
Комментарии